КІМ СОҚЫР? Имам Ахмад бин Ханбалдан соқыр адам кім? деп сұралғанда ол кісі: 📌Басында мұң мен қайғысы бар жесірді көрмеген адам соқыр. 📌Жүзін қыбылаға бұрып, арқасын жетімдерге қаратқан адам соқыр. 📌Алла тағалаға сәжде қылып, Алланың құлдарына тәкаппарлық танытқан адам соқыр. 📌Намазда бірінші қатарда болсада, бірақ аштармен шындықты сөйлейтіндердің қатарынан табылмаған адам соқыр. 📌Әр күні садақа беруге жағдайы келе тұра, тек бір күнде ғана беретін адам соқыр. 📌Ораза кезінде өзін тамақтан тиса да, күнәдан тимаған адам соқыр. 📌Кағбаны тауаф етсе де , әр күні аштықтан жан тапсырып жатқан адамдарды ұмытқан адам соқыр. 📌Азанды дауыстап айтып дәрежесін көтергенмен, әке-шешесінің дәрежесін көтермеген адам соқыр. 📌Ораза ұстап, намаз оқысада, саудада елді алдайтын адам соқыр. 📌Алланың алдында тұрса да, жүрегі мұсылман бауырларына қарсы кек, қызғаныш, қөреалмаушылыққа толы адам соқыр. 📌Құлшылығы мен мінезінің арасында айырмашылық бар адам соқыр. 📌Намаз оқып, ораза ұстаса да, зұлымдыққа жол берген адам соқыр. 📌Намаз оқып, ораза ұстаса да, қолы қанға боялған адам соқыр. 📌Діннің өзіне ұнағанын алып, ұнамағанын тастаған адам соқыр. 📌Намаз оқыса да, намазы өзіне пайда бермеген адам соқыр, - деп жауап берген екен.

Теги других блогов: религия мусульмане Ислам